Сырым ауданы бойынша үгіт-насихат кездесулері кезеңінде әр кандидатқа «Есіктен есікке» атты акциясы аясында 240 аса аманат түскен болатын. Соның бірі зейнеткер, Түркіменстан Республикасының тумасы Тұрлыбекова Роза Сарсенбекқызы тұрғылықты мекен-жайға тіркелу мәселесі жөнінде көмектесу мүмкіндігін қарастыруға өтінішін білдірді, өйткені зейнеткерлікке шыға аламай отыр. Қазіргі таңда інісі Абатов Әбдісаматтың Джумартовичтың үйінде тұрып жатыр.Денсаулығына байланысты жол жүре алмайды, Түркіменстан Республикасына бара аламайтының айтып тұрғылықты мекен-жайға тіркелуі бойынша көмек сұрайды.

Сырым аудандық мәслихат депутаты Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы 7 сәуір күні Нұрсұлтан қаласына аяқтай барып Түркіменстан елшілігіне жолығып, қажетті құжаттарды елшілік арқылы алдыртып, көші-қон полициясында құжаттарды рәсімдеді. 13 мамыр күні құжаттарға қол қойдыртып, аудандық көші-қон полициясына тіркеу жұмыстары аяқталды.

Нәтижесінде Түркіменстан Республикасының тумасы Тұрлыбекова Роза Сарсенбекқызы тұрғылықты Сырым ауданы,Амангелді көшесі 46-үй, 1-пәтермекен-жайына тіркеліп, 24 мамыр күні жеке куәлігін қолына алды.