Бүгін "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ZOOM арқылы бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде Сырым ауданы тұрғындарын газбен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, Сырым газ шаруашылығының директоры Ж.Ессұлтановтың хабарламасы тыңдалды.
- Сырым аудандық газ шаруашылығының басты міндеті халыққа бір қалыпты, авариясыз газ тарту болып табылады. Сырым газ шаруашылығы барлық жұмыстарын жоғарғы басшылық бекіткен кестеге және жоспар бойынша жүргізіледі. Аудан бойынша 2020 жылы 371 тұрғын үйлерден және 25 әлеуметтік нысандардан шақыртулар түсіп, барлығы қалпына келтірілді. Қазіргі таңда аудан бойынша мердігерлер өткізген төменгі қысымдағы газ құбырлары иесіз жағдайда қалып тұр. Бұл жағдай аталған газ құбырларын күтіп ұсталуына кері әсері етуде. Бұл мәселелер бойынша тиісті органдарға ұсыныстар берілген болатын. - деді өз сөзінде газ шаруашылығының директоры.
Сонымен қатар партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, газ қондырғысының жабдықтарына рейд жүргізді. Аудан бойынша 3160 абонент және 195 әлеуметтік нысан табиғи газ тұтынып отыр.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/758-05-03-2021-zhyl-t-ra-ty-komissiya-otyrysynda-gaz-m-selesi.html#sigFreeId134d2bcd10