22.02.2021 жыл. Депутат қабылдауы.

Аудандық мәслихат депутаты Кенжебаев Жасқайрат Жолымбетұлы бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 19 ақпанында аудандық «Nur Otan» партиясының залында қоғамдық қабылдауын өткізгендігі туралы фейсбук желісінде жариялады. Ж.Кенжебаев: «Онлайн форматта хабарласқан Өлеңті ауылының тұрғыны Н.Тулепов қысқы мезгілде Өлеңті өзенінде балықтардың жиі өлуі байқалатынын айтты. Екінші хабарласқан азамат РФ, Самара қаласының тұрғыны С.Сұлтановта өзі туып-өскен Алғабас ауылының МҮ-не жөндеу және ауыл іргесіндегі Аңқаты өзенінің жылдан-жылға суы азайып бара жатырғанына алаңдайтынын білдірді. Жалпы еліміз бойынша экологиялық ахуал дабыл қағарлықтай күйде,Жайығымыздың да жағдайы оңып тұрмағаны белгілі. Осындай елдік мәселелерді айтып хабарласқан жігіттерге алғыстан басқа айтарым жоқ,айтылған мәселелер бойынша осы салаға жауапты мекемелерден сұраныстарын жасайтын боламын.»