Кеше, 18.02.2021ж, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы онлайн режимде өткізіліп, онда бірнеше мәселелер қаралып талқыланды. Отырыста комиссиялардың жұмыс жоспарына сәйкес «аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы жұмысы туралы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Джанбулсинов, «азаматтарға және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру, жер қорына түгендеу жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Токтаров хабарламалары тыңдалып, депутаттар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар жұмысына қатысты аудан орталығындағы «Балдырған» балалар бақшасына күрделі жөндеу жүргізу, Бұлдырты ауылындағы «Айналайын» балалар бақшасы ғимаратының төбесін ауыстыру, т.б ұсыныстары болды. Жер қатынастары мәселесі бойынша бос жерлер, ауыл шаруашылығы жерлеріне өткізілетін конкурстар, акциондар туралы бірнеше сұрақтар қойылды.
Комиссия отырысынан кейін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы да онлайн режимінде өтті. Сессияда қаралған негізгі мәселелердің бірі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы» болды. Баяндамашы Сырым аудандық ауруханасының директоры Р.Тахамбетоваға депутаттар тарапынан денсаулық саласындағы мәселелер бойынша сұрақтар қойылды, ұсыныстар айтылды: тегін дәрі-дәрмектердің берілуі, жаңадан жедел жәрдем көліктерінің қажеттілігі; Бұлан, Көгеріс медпунктарын күрделі жөндеуден өткізу... Сессияда тыңдалған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды, кейін аудан әкімі Т.Турегалиев қорытынды сөз сөйледі.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/748-7568452452.html#sigFreeId11e2e8c4aa