Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХІХ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтің әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралып, онда Сырым аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №50-1 «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев «Сырым ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы», аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы А.Исламгалиев «Сырым ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы», аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Кайргалиев хабарламалар жасады.

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА,-тілші