Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес төрағасы Асхат Дүйсенғалиев төрағалық етіп, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес жұмысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев аудандағы діни ахуалды қалыптастырудағы ішкі саясат бөлімінің жұмысы туралы баяндады. Досжан Ересұлының мәлімдеуінше, «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы жыл басынан бері 145 шара өткізсе, оның 68-і онлайн, 78-і оффлайн түрде ұйымдастырылды. Бұл шаралардың ішінде аудандық мешітте өткізілгендері қатарында діни, ұлттық мерекелерге арналған мешіт жамағаты арасындағы сайыстар, «Нұр-Мүбарак» университетінде білім алып жатқан студенттермен, Орал қалалық медресесінің түлегімен кездесулер бар. Онлайн ұйымдастырылған шараларға Ақтөбе қалалық мешітінің найб имамы, Үндістанның Лакхнау қаласының Ханафи университетінің түлегі Алтынбек Хусайыновпен «Отанды сүю – парызың» тақырыбындағы сұқбаты ҚР Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Жарас Аханның «Қазақ қоғамы және дәстүрлі ислам», Түркияның Нежметтен Ербакан университетінің магистранты Гүлжамила Ахметовамен «Рухани кеселдер және оның емделу» жолдары атты тікелей эфирлері және басқалары куә.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев ауданның әлеуметтік маңызы бар нысандарының қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы баяндама жасады. Аудандық аурухана, дәрігерлік амбулаториялар мен медпункттердің, мәдениет үйлердің жылу маусымына дайындығы мен туындап отырған мәселелер жайында тиісті бөлім басшылары ақпарат берді.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айшолпан Жаңатау бөлімнің сегіз ай бойына көрсеткен мемлекеттік қызмет сапасы, қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру барысында туындаған мәселелер туралы мәлімдеді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА – «Сырым елі»
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/719-23-09-2020-zhyl-o-amdy-ke-estegi-t-jindi-m-seleler.html#sigFreeIdf28167b4f7