Аудан әкімдігінде пудандық мәслихаттың кезекті ХХХХХVIII сессиясы өтті. Сессия отырысына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.


Күн тәртібінде бес мәселе қаралып, талқыға салынды. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Усағалиев баяндады. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы 36-2 «Учаскелік сайлау комиссияларын сйлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева баяндама жасады.