Бүгін Сырым аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, «Nur Otan» партиясының бақылау тобы аудан орталығында жөндеу жүргізілген көшелерді аралап, құрылыс сапасын көрді.

 

Олар Қазақстан көшесіндегі жолға төселген өрнектас, жол жиегіне құйылған цементті қарады. Қазпошта, прокуратура ғимараттарына баратын жүргінші жолының сапасына «Өркен-Сервис» ескертпелер айтты. Ж:Досмұхамедов көшесіндегі асфальт құю жұмыстарына орай мердігер «Марасант» ЖШС-нен жолдың сапалы жөнделуін қадағалауды сұрады.

 

Мұндай депутаттық бақылау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 
тілші-Шынар МОЛДАНИЯЗОВА