«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева наурыз айында Жымпиты және Өлеңті ауылдарындағы Бердалиев көшесі №15 және Қолғанатов көшесі №8 жатақхана тұрғындарымен кездесіп, ұсынылған мәселелері партиялық бақылау комиссиясының назарында болатындығын айтқан еді. Тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуын бақылау мақсатында, 6 сәуір күні жатақханалардың жағдайымен танысты.

 

Нәтижесінде Бердалиев №15 жатақхана тұрғындарының өтініштері бойынша арнайы бос тұрған бір бөлмеге теледидар, парталар қойылып, жатақханадағы мектеп жасындағы балалардың оқуына жағдай жасалса, Қолғанатов №8 жатақханасында тұратын екі отбасыға Қарасу сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты С.Тоқмамбетовтың қолдауымен «Балапан», «Ел арна» бағдарламаларынан берілетін сабақтарды көру үшін арнайы 2 қондырғы табыс етілді. Мәселенің үлкен-кішісі болмайды. Барлық мәселелер партияның бақылауында болады