Сырым аудандық мәслихатының кезекті 51 сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 9 депутат, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нұрмұханов, аудан әкімі орынбасарлары, аудан әкімі аппараты, сала басшылары қатысты.
Күн тәртібінде, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы, қылмысқа қарсы күрес және қылмыстың алдын алу жұмыстары, аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту, жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы сала басшылары баяндама жасады.
Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева:
– Ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция қызметкерлері ауызбіршілікте болса, ірілі-ұсақты қылмыстардың алдын алар едік десе, ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева, балабақша алдына таңсәріден кептеліс жасап, жаяу жүргінші жолына дейін ағылып тұратын көліктердің иелеріне шара қолдану керектігін баса айтты.
АйжанАМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/695-syrymda-kezekti-sessiya.html#sigFreeId5e9783a878