Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның қатысуымен, мәслихат сессиясының төрағасы Болат Тасқалиев төрағалық еткен жиын өтті.
Жиында 2020 жылға білім беру бойынша барлығы 3 408 320 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға - 17 000 мың теңге, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға - 399 311 мың теңге, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 162 000 мың теңге бөліну жоспарлануда.
Әлеуметтік қамсыздандыру және көмек бойынша бюджеттің ағымдағы шығыстары 2020 жылы 453 566 мың теңге сомада жоспарланып, келесідей шығыстар қарастырылған: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту бағдарламасы, тұрғын үйге көмек көрсету, т.б. шығыстар бағытталды.
Жиын соңында Төлеген Серікқалиұлы аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваны өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Парламент сенатының құрмет грамотасымен марапаттады.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Сырым ауданы
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/689-25-12-2019-zhyl-audandy-m-slikhatty-kezekten-tys-otyrysy.html#sigFreeId8c661489d8