Осыған дейін Жымпиты ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттардың аудандық мәслихат депутаттарының алдында сайлауалды бағдарламаларын таныстырғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін Жымпитыда округ әкімінің сайлауы өтті.

Сайлауда 12 таңдаушының 10 – ы дауыс берді.

Сайлаудың қорытындысын Сырым аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев жариялады. Таңдаушылардың 100 пайыз дауысымен Жымпиты ауылдық округінің әкімі болып Бекболат Мұханбетжан сайланды.

Бекболат Мұханбетжан 1964 жылы Сырым ауданы, Сарой ауылында дүниеге келген. еңбек жолын 1986 жылы Абай кеңшарында механик – слесарь болып бастап, кейін Жымпиты аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінде, аудандық әкімшіліктің жастар істері бөлімінде, 1997 – 2010 жылдары БҚО ішкі істер органдарында жетекші лауазымдарда еңбек етті. Қазір доғарыстағы полиция подполковнигі.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

.