Кеңашы елді мекеніндегі су кен орынына Данил нүктесінен ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстармен аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері танысты.

Жоба құны 2,433 млрд теңгені құрайды. Жоба арқылы Жымпиты және Өлеңті, Жырақұдық, Қособа, Шағырлой, Бұлан және Жамбыл елдімекендері, барлығы 9 862 тұрғын топтық су құбыры арқылы таза ауыз сумен қамтылады деген жоспар бар. Су құбырын тарту жұмыстарын «Мелиоратор» ЖШС жүргізуде.

 

Биыл су құбырын тарту жұмыстары 5 км ұзындыққа дейін жасалады. Қалған жұмыстар келер жылы жалғасады. 2 метр 50 см қазылған траншеяларға диаметрі 280 мм полиэтилен құбырлар салынуда. Бұл жұмыстарға 2 экскаватор, 2 шынжыр табанды трактор, 1 УАЗ көлігі жұмылдырылған.


тілші, Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

.