Бүгін Сырым ауданында «Nur Otan» партиясының 20 жылдығы мен ҚР Мәслихатының 25 жылдығына арналған дзюдо күресінен 2007 – 2009 жылы туылға жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир басталды. Турнирге Сырым ауданының ауылдық округтерінен бөлек, Қаратөбе, Теректі, Атырау облысының Қызылқоға аудандарының және Орал қаласының, Орал қаласындағы № 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Орал жекпе – жек мектебінің жас дзюдошылары қатысуда.
Турнирдің салтанатты ашылуы шарасында Сырым ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиев, Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева сөз сөйледі. Олар өзінің сөзінде, еліміздің бас партиясының Қазақстандағы сауатты қоғам мен келісімді қамтамасыз етудегі еңбегін, мәслихаттардың халықтың демократиялық құралына айналғандығын атап өтті.
Жымпитыдағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде өтіп жатқан турнир күн аяғында аяқталады.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/621-8765.html#sigFreeId2b609f963d