Аудандық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған сессиясына аудандық мәслихат депутаттары мен күн тәртібіне байланысты мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияда 2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізілді, аудан әкімімен ұсынылған бірнеше азаматтарға «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын беру көпшілік дауыспен қолдау тапты. Сондай-ақ сессияда аудандық аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер, толықтырулар мәселелері қаралды.
Сессия соңында аудандық мәслихат депутаттарын аудан әкімі Т.Турегалиев ауданда атқарылып жатырған жұмыстармен хабардар етіп, алда жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/zhanaly-tar/592-17-09-2018-zhyl-kezekten-tys-sessiya.html#sigFreeId05fa2b525a