2017 жылдың 17 тамыз күні Сырым аудандық мәслихатының кезекті  ХVIIІ сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың  депутаттары, облыстық депутат Нурмуханов Ганимат Хайыржанұлы, аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауылдық округтер бойынша қоғамдық келісім және ақсақалдар кеңесінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

Аудандық мәслихаттың кезекті ХVIIІ сессиясын сессия төрайымы №3 Өлеңті сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты А.К.Ниязгалиева ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегідей  мәселелер қаралды:

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі.

Баяндамашы: Т.Төреғалиев – аудан әкімі.     

  1. Бұлдырты ауылының батыс жақ бетіне инженерлік коммуникациялық желілер тартылған елді мекеннің құрамдас бөліктеріне (көшелер) жаңадан атау беру туралы.

Хабарламашы: С.Нурпейсов- аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

  1. Жымпиты ауылының оңтүстік-шығыс жақ бетіне инженерлік коммуникациялық желілер тартылған елді мекеннің құрамдас бөліктеріне (көшелер) жаңадан атау беру туралы.

Хабарламашы: С.Нурпейсов- аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-3 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №30-5 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган жастар ісі жөніндегіаудандық кеңестің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тындалып, тиісті қаулы қабылданды.