2017 жылдың 12 шілдеcінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия мүшесі С.Тоқмамбетов, аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Б.Хамидуллин, комиссия мүшелері Ж.Шапешов, Д.Тайшиев және аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының м.а. Закин Нұрлан Тарғынұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Журалиев Ерлан Шалбайұлы, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Хасанов Мейірбек Мәлікұлы, Қ.Р. АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Б.Бисенғалив, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Шалабаев Муса Кеңесұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- «2017 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті полиция қызметінің есебі туралы».
Баяндамашы: Журалиев Ерлан Шалбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы.
- «Мал ұрлығына қарсы күрес бойынша Алғабас, Бұлдырты ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар туралы»
Хабарламашы: Закин Нұрлан Тарғынұлы - аудандық ішкі істер бөлімі басшысының міндетін атқарушы
- «Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы».
Хабарламашы: Хасанов Мейірбек Мәлікұлы - аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы.
- «Аудан бойынша ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы»
Хабарламашылар: Райсов Шайхислям Кәрімұлы - аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, Бисенгалиев Бауыржан Жалмуханбетұлы - Қ.Р. АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, сұрақтар қойылып бірнеше ұсыныстар айтылды.
Оның ішінде «2017 жылдың 1жартыжылдығында жергілікті полиция қызметінің есебі туралы» бойынша баяндама жасаған аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Журалиевке аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Ш.С.Дуйсенгалиева ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары бірігіп кезекшілікке шығуын және осы мәселе бойынша іс шара жоспарын жасақтау қажеттілігін, аудандық ішкі істер бөлімінен түсіп отырған мәліметке сәйкес көптеген құқық бұзушылық бойынша хабарлама Өлеңті ауылындағы жатахқана бойынша тіркеліп отырғанын хабарлады.
«Мал ұрлығына қарсы күрес бойынша Алғабас, Бұлдырты ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар туралы» баяндамашы аудандық ішкі істер бөлімі басшысының м.а. Н.Закинке аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев кейбір жүргізушілер түнгі уақытта авто көлікті мас күйінде басқаратындарын, пробация қызметіндегі есепте тұрғандар ауданда өтетін іс шараларға қатыспайтындарын айтты.
Аудандық мәслихат депутаты С.Тоқмамбетов аудан орталығында өтетін тойларда автокортеж көше жолдарымен қатты жылдамдықпен жүретіндерін, автокөлік жүргізушілері сигналдарын басып ауыл тұрғындарының мазаларын алатыңдықтарын, басқада жол ережелерін бұза отырып жол қауіпсіздігін тудыратындығын жеткізді.
Бұлан ауылында орналасқан «Достық» демалыс лагеріне бір учаскелік полиция инспекторын шығарса деген ұсынысын білдірді.
Күн тәртібіндегі «Аудан бойынша ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» мәселе бойынша аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Райсов Шайхислям Кәрімұлы және Қ.Р. АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бисенгалиев Бауыржан Жалмуханбетұлы хабарламары бойынша :
«Ауданда эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу бағдарламасына сәйкес және қаралған қаржы көлемінде ауыл шаруашылық жануарларын жұқпалы ауруларға қарсы егу (вакциналардың қамтылуына қарай) және диагностикалық тексерулер 6 айлық жоспарға сәйкес жүргізіліп, жоспарлы мерзімде толық орындалған. Аудан бойынша күні бүгінге 49141 бас мүйізді ірі қара, 115715 бас ұсақ мүйізді мал, 16695 бас жылқы, 54 бас түйе малы тіркелген.
2017 жылдың 6 айлығында қарасан, құтыру ауруының аурулар анықталмаған.
Малдәрігерлік шаралармен қатар ауданда жүргізіліп жатырған жұмыстардың бірі барлық ауылдық округ және елді мекендерді мал қорымдарымен қамту болып отыр.»
Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Ш.С.Дуйсенгалиева және аудандық мәслихат депутаты Б.Хамидуллин аудан бойынша бруцеллез ауруы жойылмай келетінін, серологиялық тексеріс бойынша 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда 650 бас бруцеллез ауруы анықталып отырғанын, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда аудан бойынша бруцеллез ауруы 3 есеге көбейген. Осы анықталған 650 басты жою жөнінде жедел іс шара жоспарын жасақтау қажеттілігін – атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық тұрақты комиссиясы тиісті қаулыларын қабылдады.