Бүгін, 2017 жылдың 2 тамызында, Алғабас, Бұлан, Елтай, Жосалы, Сарой, Талдыбұлақ, Шолақаңқаты ауылдық округтерінің әкімдеріне үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жүргізу мақсатында таңдаушылармен (мәслихат депутаттарымен) кездесуі болып өтті.

Оған аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Талғат Мұратұлы Даргужиев төрағалық етті. 

Ауыл әкімдеріне үміткерлермен кездесуге аудандық мәслихаттың депутаттары (таңдаушылар), қоғамдық ұйымдардың өкілдері  және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде Алғабас, Бұлан, Елтай, Жосалы, Сарой, Талдыбұлақ, Шолақаңқаты ауылдық округтерінің әкімдеріне үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, таңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Айта кетерлік, аталған Алғабас, Бұлан, Елтай, Жосалы, Сарой, Талдыбұлақ, Шолақаңқаты ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау ағымдағы жылдың 7 тамызына белгіленген болатын.