2017 жылдың 12 шілдесі күні аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлымен кездесті. Оған аудандық дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. 

 

 

Кездесуде аудан әкімі Т. Төреғалиев биылғы жылы аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы уақытта да атқарылар кейбір жұмыстардан хабардар етті. 

Кездесу соңында аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева аудан әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.