Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев төрағалық етті.
Отырысқа комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы комиссия төрағасы Б.Хамидуллин, комиссия мүшелері Ж.Шапешов, Д.Тайшиев және мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Э.Ишангалиева қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Шалабаев Муса Кеңесұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Сырым ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.
Хабарламашы: Ишанғалиева Эльмира Ерболқызы - аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, тиісті қаулы қабылданды.