Бүгін аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті. Отырысқа 9 мүшесінен 7 мүшесі қатысты. Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дуйсенгалиев ашып жүргізді.
Күн тәртібі:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламашы тыңдалып, сұрақтарға жауаптар беріліп, қойылған мәселе бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы қаулы алды.