Бүгін Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІҮ сессиясы өтіп, оған аудандық мәслихаттың депутаттары, облыстық мәслихат депутаты Ғ.Нурмуханов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Турегалиев, аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары, бөлімдердегі есепші мамандар және БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Кыдырбаев қатысты. Сессияны №3 Өлеңті сайлау округінен депутат А.Ниязгалиева ашып жүргізді.  

 

 

 

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев хабарлама жасады.

 

2016 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөнінде БҚО бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Кыдырбаев мәлімдеме жасады.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиеваның 2016 жылы аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары жөніндегі баяндамасы тыңдалды.

 

Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов хабарлама жасады.

 

Сессия соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Турегалиевке сөз берілді. Т.Турегалиев аудандық бюджетті қалыптастыруда округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына, есепшілеріне бюджетті дұрыс жоспарлай білу, бөлінген қаржыны уақытылы игеруге жұмыстану қажеттілігін айтты.