Бүгін аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Оған аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі - Ш.С.Дуйсенгалиева ашып жүргізді.
Бүгінгі отырыста қаралған мәселелер - аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасын босату, төрағасын сайлау, төралқа құрамына, комиссия құрамына өзгерістер енгізу және Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына толықтырулар енгізу болды.
Денсаулық жағдайына байланысты және берген өтінішіне сәйкес Галимов Әнуарбек Ғалымұлы аудандық Қоғамдық кеңестің төрағалығынан босатылды. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып кеңестің мүшесі, «Сырым аудандық орталық ауруханасы»-ның дәрігері Дуйсенгалиев Асхат Ғабделғазезұлы сайланды.