Аудандық мәслихат хатшысы,«Нұр Отан» партиясының мәслихат депутаты Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы Бұлдырты, Жосалы елдімекендерде көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырып, жергілікті жерлерде ел тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың көкейде жүрген өтініштерін тыңдап, шешімін таппаған мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Осындай кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау «Жосалы», «Бұлдырты» бастауыш партия ұйымдарында ағымдағы жылдың 18,19, 20 сәуір күндері ұйымдастырылды.
Қоғамдық қабылдау барысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, конституциялық реформаға еңгізілген өзгерістер туралы, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша түсінік жұмыстар жүргізілді. Қоғамдық қабылдауға келген «Өрлеу» бағдарламасы бойынша, жұмыс жөнінде, тұрғын үй мәселесі, Қоңыр ауылының бөгеттін жөндеу жөнінде жолыққан азаматтарға Заңға сәйкес түсінік жұмыстар жүргізілді. Көшпелі кеңес алдағы уақытта жалғасын табатын болады.