Бүгін,19.04.2017 жылы, Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Отырыста аудандық қоғамдық кеңестің құрамын толықтыру туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңес төрағасы А.Галимов хабарлама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелігінен босатылған кеңес мүшелерінің орнына жарияланған конкурс нәтижелері бойынша аудандық Қоғамдық кеңес жаңа мүшелерімен толықтырылды.