Бүгін, 10.01.2017 жылы, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды.
Оған комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, депутаттар Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, Ж.Шапешов, В.Жумагалиев, Б.Хамидуллин, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Жоламанов, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Нурмуханов қатысты.
Комиссияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Сырым ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Хабарламашы: А.Нурмуханов - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы №35-1 «2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аумақтық даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-10 «Аудан әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ведомствоаралық консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Жоламанов - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-9 «Аудан әкімі жанынан құрылған кәсіпкерлердің Қоғамдық кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Жоламанов - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, мәселелер талқыланып аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы қаулы қабылдады.