2017 жылдың 10 наурызы күні аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХІІ сессиясы болып өтті.

 

 

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11 депутат, аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

Сессияны №9 Талдыбұлақ сайлау округінен депутат Даргужиев Талғат Мұратұлы ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылып, шешім жобалары бекітілді:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

2. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №236 «Сырым ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Хабарламашы: Е. Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы

3. Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновтың Сырым аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Т.Кенжахметовты лауазымынан босатуға ұсынымы туралы

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы

4. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы

5. Сырым аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы

6. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-6 «Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы