Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 бабының 1 тармақшасына сәйкес сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сайлау алдындағы таңдаушылармен кездесулерді өткізу жөніндегі Жымпиты ауылдық округі әкіміне үміткерлердің берген өтініштері бойынша (Қ.Н.Тулепов, У.О.Бектенов) таңдаушылармен (аудандық мәслихаттың депутаттарымен) кездесу ағымдағы жылдың тамыз айының 13 күні болып өтті.
Ауыл әкіміне үміткерлермен кездесуге аудандық мәслихаттың 10 депутаты (таңдаушылар), қоғамдық ұйымдар өкілдерінен «Сырым жастары» жастар қоғамы бірлестігінің төрағасы Д.Тайшиев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі М.Айташев қатысты.
Үміткерлер өздерінің бағдарламаларымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жымпиты ауылдық округі әкімдігіне үміткер
Бектенов Өркен Орденбайұлының сайлауалды
БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Жымпиты ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, төмендегідей бағдарламамды тұжырымдаймын:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Жолдауында белгіленген басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, ауылдық округтің әлеуметтік дамуына ықпал ету;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар тапсырмаларын орындауға;
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдану;
- Аудан орталығы Жымпиты ауылында орналасқан мекеме басшыларымен бірлесе отырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жұмыстану;
- «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру;
- Орта және шағын бизнес саласын дамытуға ықпал ету;
- Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
- «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасына сәйкес барлық ниет білдіргендерді және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар адамдарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етумен жұмыстанамын.
- Халықтың, әсіресе оның әлеуметтік аз қамтылған бөлігінің мүддесін қорғау. Ана мен бала денсаулығын нығайту;
- Жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар беру;
- «Дипломмен ауылға» жобасы және жергілікті бизнес субьектілерінің қолдауы арқылы ауылға жас мамандарды тұрақтандыру бағытында жұмыстану;
- Мектеп бітірген жастардың кәсіптік білім алуына ықпал етіп, жұмысқа орналасуына көмектесу;
- Ауыл жастарының спортпен еркін шұғылдануына жағдай жасау және бұқаралық спорт түрлерінің дамуына ықпал ету;
- Салауатты өмір салтын ұстану бағытында жастарды тәрбиелеу;
- Ауылдардың ішіндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, тротуарлар салу бойынша жобаларды жүзеге асыру;
- Жымпиты ауылындағы екі қабатты тұрғын үйлерді арнайы Үкіметтің қабылдаған «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртумен дамыту» бағдарламасына сәйкес күрделі жөндеуден өткізуді аяқтау;
- Жымпиты және Өлеңті ауылын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жымпиты ауылдық округі бойынша ауыл әкімдігіне үміткер
Төлепов Қайрат Нұржанұлының сайлауалды
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы.
- ҚР Үкіметінің Жарлықтары мен бағдарламалары аясында жұмыстану.
- Елбасының «Қазақстан - 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын жүзеге асыру.
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының жобаларын жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылай қолдауы шеңберінде ауылдық округте жүйелі және сапалы түрде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру;
- Жымпиты ауылдық округі мен Жымпиты ауылы құрылысын бекітілген Бас Жоспарға сай жүйелі түрде жүргізу;
- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және кәсіби білім алуды ұйымдастырып, жастар проблемасымен белсене айналысып, олардың жұмысқа орналасуын шешуге ат салысу;
- Жымпиты, Өлеңті ауылдарының ішіндегі тас жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жөнінде жұмыстану, тас жолдары бойынан жаяу жүрушілерге тротуарлар салу, көшелерді жарықтандыру мәселесін бір бағытқа қою, оны жөндеуден өткізу.
- Денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларына жоғары білімді, білікті мамандарды тарту;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды ауылға тартуға жұмыстану;
- Өлеңті ауылынан әлеуметтік нысандарды ашуға жұмыстану;
- «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясындаауылдық округтің аумағында шаруа қожалықтарының ұйымдастырылуына үнемі назар бөлу, жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуына көңіл бөлу және тұрақты жұмыс орындарын ашу, азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру;
- Ауылдағы орта және кіші кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниеттенген тұлғаларға көмек көрсету, ұжымдық бау-бақшаны жандандыру, жылыжайлар жұмысын жандандыру және оның сапасын арттыру;
- Жымпиты ауылдық округінің Даму Жоспарын басшылыққа ала отырып, Жымпиты ауылдық округін көркейту және сәулеттендіру, инженерлік-коммуналдық жүйелерін салу және жөндеу жүргізу жұмыстарына атсалысу;
- Самара-Шымкент халықаралық тас жолы бойындағы орналасқан Жымпиты ауылының мүмкіндігін пайдалана отырып, жол бойынан жеке кәсіпкерлерге жер телімдерін бөліп жолаушыларға сервистік қызмет көрсету (кафелер, автотұрақтар, автокемпингтер және басқа қызмет түрлері) ұйымдастыру арқылы жұмыс орындарын ашып жұмыссыздықты азайту;
- Аудан орталығындағы саябақтардың жұмысын жандандыру арқылы ауыл тұрғындардың ең сүйікті демалыс жерлеріне айналдыру.