Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді және, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудандық мәслихат хатшылары және «Нұр Отан» партиясы филиалдары төрағасының 1-ші орынбасарларының қатысуымен 2014 жылдың 16 мамыр күні  Сырым ауданында облыстық көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

 Семинар-кеңес қатысушыларын облыстық мәслихаттың хатшысы М.Құлшар мен «Нұр Отан» партиясы облыстық   филиалы төрағасының  I-орынбасары Сүлеймен Серік Кенжебекұлы бастап келді. Оларды аудан әкімі А.Шыныбеков пен мәслихаттың хатшысы А.Галимов көшпелі семинар-кеңестің бағдарламасына сәйкес ауданның шекарасында тұрған Сырым батырдың кесенесінде  қарсылап, Сырым Кесенесі басына гүл шоқтарын қойылды. 

 

 

Семинар-кеңеске қатысушылар кеңес жұмысы басталмас бұрын, Өлеңті ауылындағы әлеуметтік орталықтың  жұмысымен танысты. Қадыр Мырзалиев атындағы Жымпиты орта мектебінде, Сырым өлкесі тарихына қатысты ақпарат алу мақсатында Алаш мұражайы мен С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайларында  болып, Алаш саябағында Алаш орда қайраткерлеріне гүл шоқтарын қойды.

 

 

 

 

Мәслихат хатшылары және партия төрағаларының бірінші орынбасаралары «Достық» аллеясына шырша көшеттерін отырғызды. 

 

 

 

Осы күнге жоспарланған Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудандық мәслихат хатшылары және «Нұр Отан» партиясы филиалдары төрағасының 1-ші орынбасарларының қатысуымен облыстық семинар-кеңес әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтті.

Семинар-кеңеске ауданымызға келген қонақтардан бөлек  Сырым аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының уәкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді  облыстық мәслихат хатшысы М.И.Құлшар ашып жүргізді. Кіріспе сөз Сырым ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Шыныбеков Абат Абайұлына берілді. Келесі сөз «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының I-орынбасары Сүлеймен Серік Кенжебекұлына берілді.

Кейін Орал қаласы мен аудандарда сайлауалды тұғырнаманың орындалуы туралы хабарламалар  оқылды:

«ҚР Президентінің «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына  Жолдауын орындаудағы Сырым аудандық мәслихатының жұмысы туралы» 

Ә.Галимов–Сырым  аудандық  мәслихат  хатшысы  

«Инновациялық экономика» 

Ә.Ә.Куликешов – Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы 

«Білім –табысты болашақтың негізі» 

А.К.Сигунов – «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының I -орынбасары

«Болашақтағы ауыл» 

З.Ж.Сисенғали –Жаңақала аудандық мәслихат хатшысы 

««Менің кіші Отаным» экспедициясының жұмысы туралы» 

Е.Р.Исанов – «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының I-орынбасары