Құрметті аудан тұрғындары!

 

Сіздерді келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр –  Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

 

7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.

 

9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 75 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрам. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен аталарымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен өздерінің ерлігін көрсете білді. Баршаңыздың атынан қадірлі майдангер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын!

 

Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!

 

Құрметпен, Сырым аудандық

мәслихат депутаттарының атынан

мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева