Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде "Қазақстан Республикасының білім берудің және дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы", "Сырым ауданында шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары туралы" және сессияда қаралатын мәселелер бойынша тиісті сала басшылар тыңдалды. Хабарлашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды: шағын балабақшаларды толыққанды балабақшаға айналдыру, ата-аналардың балаларды балабақшаға тұрақты апаруымен жұмыстану... Комиссия қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулыларын қабылдады.