Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған депутаттар, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, ауылдық округ әкімдері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев қатысты. Отырысқа аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссия төрағасы Т.Даргужиев төрағалық жасады. Күн тәртібінде қаралған мәселелер - ауылдық округтардың бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы болды. Ауылдық округ әкімдері хабарламалар жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Комиссия тиісті қаулыларын қабылдады.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/t-ra-ty-komissiyalar/966-22-09-2022-zhyl-komissiya-otyrysy.html#sigFreeIda7394ee1bf