Кеше, 20.04.2022 жылы аудандық мәслихат депутаттары (Ш.Дуйсенгалиева, А.Ойшыбаева, А.Ниязгалиева, Т.Даргужиев, Ж.Кенжебаев, Е.Байдашев) Алғабас ауылдық округінде болды. Ел қалаулылары ең алдымен ауылдағы кейбір әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты.
Каналиев атындағы Алғабас орта мектебіндегі балалақша, асхана, кітапхана жұмыстарымен танысып, мектептің спорты залы және кейбір пән кабинеттерін аралады. Кейін ауылдық амбулаторияның, мәдениет үйінің жай-күйімен танысты.
Осы күні Алғабас ауылдық клубында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттарымен бірге ауданның кейбір сала басшылары және ауыл активі қатысты.
Комиссия отырысында «Алғабас ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелер бойынша, алда тұрған жұмыстар туралы» Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Самиғоллаұлының есебі, «Сырым аудандық білім беру бөлімімен мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру туралы» және осы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезіндегі эпидемиологиялық жағдай туралы тиісті сала басшылары тыңдалды.
Комиссия отырысында аудандық аурухана басшысы Р.Тахамбетова, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Искаков өз салалары бойынша хабарламалар жасап өтті.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/t-ra-ty-komissiyalar/902-21-04-2022-zhyl-k-shpeli-komissiya-otyrysy-al-abasta.html#sigFreeId9a28211bb5