18.03.2022 жыл. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары бас қосты.
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «АMANAT» партиясының Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиев, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Артур Искаков аудандағы құрылыс саласының дамуы туралы, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылык бөлімінің басшысы Руслан Усағалиев ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Тоқтаров жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы баяндама жасады.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Галимов «Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №12-2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2022 жылға арналған Сырым ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолау көрсету туралы» және «Сырым ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға 25 пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылармен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» хабарлама жасады.
Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерлан Мақашев «Сырым аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы №10-5 «Сырым ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешімін жою, аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының мүшесін міндетінен босату туралы хабарлады.
Отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша хабарламашыларға сауалдар қойылып, талқыға салынды.
Алдағы сессияда аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның есебі тыңдалатын болады.
«Сырым елі» газетіің тілшісі, Ш. Молданиязова
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/t-ra-ty-komissiyalar/886-18-03-2022-zhyl-m-slikhatty-t-ra-ty-komissiyalary-bas-osty-2.html#sigFreeIda9ee808a1e