2018 жылғы 17 шілдедегі №28-6
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
№6 Сарой сайлау округі бойынша
аудандық мәслихаттың депутаты
Д.Е.Тайшиевтің депутаттық өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20 бабы 3 тармағы 8 тармақшасын және 4 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының 2018 жылғы 21 маусымдағы №38 ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№6 Сарой сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Д.Е.Тайшиевтің мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты жеке өтініші негізінде депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
Сессия төрағасы Б.Хамидуллин
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева