Жымпиты ауылы | № 20-1 | 13 мамыр 2014 жыл |
2013 жылға арналған аудандық
бюджеттің орындалуы есебі
туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сырым аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2013 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп төмендегідей бекітілсін:
Кірісі бойынша | 2542113,0 мың теңге |
Шығысы бойынша | 2540600,0 мың теңге |
Таза бюджеттік кредит беру | 44086,5 мың теңге |
Қаржылық активтармен болатын операциялар бойынша сальдо |
0,0 мың теңге |
Бюджеттік тапшылығы(профициты) | 11637,9 мың теңге |
Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
-11637,9 мың теңге |
Қарыздардың түсімі | 38947,0 мың теңге |
Қарыздарды өтеу | 61871,0 мың теңге |
Жыл басындағы бюджет қаржысының бос қалдығы бойынша |
12799,1 мың теңге |
Жыл аяғындағы бюджет қаржысының бос қалдығы бойынша |
1513,0 мың теңге |
2. 2013 жыл ішінде аудан бюджетінің жыл басындағы бос қалдығының жұмсалуы, резервтік қорының пайдаланулары сәйкесті № 1, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Сессия төрағасы | Е.Исанов |
Мәслихат хатшысы | А.Галимов |
Сырым ауданы мәслихатының
кезектен тыс ХХ сессиясының
2013 жылғы 13 сәуірдегі №20-1 шешіміне №1 қосымша
2013 жылдың ағымындағы аудан бюджетінің қаржылық
ресурстары бос қалдығын жұмсалуы туралы
Бағдарламаның атауы |
Бағдарлама ның коды |
Шешімнің нөмерлі саны |
Сомасы мың теңге |
Жұмсалу мақсаттары |
Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару |
459 006 000 |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 шілдедегі № 13-1 шешімі |
5709,0 |
Нысаналы трансферттерді қайтаруға |
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер |
459018000 |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 шілдедегі № 13-1 шешімі |
5623,0 |
Мамандардың әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін кредиттердің 2012 жылы жұмсалмаған қаржы |
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
123011000 |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 шілдедегі № 13-1 шешімі |
1467,0 |
Сумен жабықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі |
Барлығы |
12799,0 |
Сырым ауданы мәслихатының
Кезектен тыс ХХ сессиясының
2013 жылғы 13 сәуірдегі №20-1 шешіміне №2 қосымша
2013 жыл ішінде аудандық резервтік қорының жұмсалуы
Бағдарламаның атауы |
Бағдарламаның коды |
Шешімнің нөмерлі саны |
Сомасы мың теңге |
Жұмсалу мақсаттары |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органының төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу |
122 106 000 |
Аудан әкімиятының қаулылары № 2 10.01.13ж, №33 28.02.13ж, №173 07.08.13 ж. |
1846,0 |
Қысқы кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс шараларға жұмсалды. |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органының төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу |
123 106 000 |
Аудан әкімиятының қаулылары № 101 30.05.13ж, №173 07.08.13 ж. |
2860,0 |
Тұрғындарды көктемгі су тасқынынан сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар . |
Барлығы |
4706,0 |
Сырым ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясына
«2013 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуын бекіту туралы»
Құрметті депутаттар және сессияға қатысушылар!
Экономика және қаржы бөлімі 2014 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің орындалу бағытында бір келкі жұмыстар атқарды.
Кірістер бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджет 2557543,0 мың теңге көлемінде болжанып, нақты түрде орындалғаны 2542112,6 мың теңге, орындалуы 99,4%.
Өзіндік табыстар бойынша 328630,0 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 389088,1 мың теңге немесе 118,4 пайыз, соның ішінде:
-салықтық түсімдері бойынша 326849,0 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 378942,7 мың теңге, орындалуы 115,9 % ;
-салықтық емес түсімдері бойынша жоспар 781,0 мың теңге, нақты орындалғаны -2206,3 мың теңге, орындалуы -282,5 % ;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 1000,0 мың теңге, нақты орындалғаны 7939,1 мың теңге, орындалуы 793,9 % ;
Облыстық бюджеттен каралған трансферттер 2115316,0 мың теңге жоспарланып, орындалғаны 2098038,0 мың теңге, соның ішінде субвенция 1780917,0 мың теңгеге орындалды немесе 99,0 %.
Шығыс бөлігінің 2014 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджет 2557543,0 мың тенге көлемінде болжанып, нақты түрде орындалғаны 2540599,6 мың теңге, орындалуы 99,3 %, соның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 247052,0 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 246624,8 мың теңге, немесе 99,8 пайыз.
Қорғаныс тобы бойынша 2120,0 мың теңге жоспарланып 2117,5 мың теңге игерілді, яғни 99,9 пайыз.
Білім беру функционалдық тобы бойынша 1483514,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, нақты орындалғаны 1468377,8 мың теңге, яғни 99,0 пайыз.
Мектептерде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтармен жарақтандыруға 2013 жылға 4097,0 мың теңге қаралып қаралған қаржы толықтай игерілді.
Республикалық бюджеттен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 44500,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 44440,9 мың теңге, 59,1 мың теңге қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты және бос орындар болғандықтан еңбек ақыдан үнемделген қаржы.
Жетім баланы және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы тәрбиелеуші ата-аналарға ай сайынғы ақшалай қаражаттарды төлеуге 9182,0 мың теңге, игерілгені 6991,6 мың теңге 2190,4 мың теңге қаржы қаржылық қызметтен және ата-аналарының қамқорынсыз қалған бала санының азайуына байланысты үнемделді.
Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы көлемін ұлғайтуға 15814,0 мың теңге жоспарланып игерілгені 15738,5 мың теңге 75,5 мың теңге игерілмеді, бұл санаты жоқ педагог қызметкерлерге жоспарланған қосымша төлем, алайда ҚР Үкіметінің 30 қыркүйек 2011 жылығы № 1122 қаулысына өзгерістер енуіне байланысты санаты жоқ педагог қызметкерлерге төлем тоқтатылды.
Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге – 5200,0 мың теңге толықтай игерілді.
Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету – 631,0 мың теңге,игерілгені 630,6 мың теңге игерілмеген 0,4 мың теңгесі мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.
Денсаулық саласы 2014 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджет 297,0 мың тенге, игерілгені 290,6 мың теңге немесе 97,9 пайыз.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласы бойынша 191071,0 мың теңге жоспарланып, 190964,4 мың теңге мөлшерінде орындалды, яғни 99,9 пайыз
Атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 5391,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 5390,3 мың теңге. Мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 26430,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 26429,0 мың теңге.
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету- 7587,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 7574,5 мың теңге, 12,5 мың теңге үнемделген қалдық қаржы.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға; еңбек ақы субсидиялау -32461,0 мың теңге қаралып толықтай игерілді.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 17864,0 мың теңге жоспарланып 17824,2 мың теңге игерілді 39,8 мың теңге қаржы жастар тәжрибесімен жұмыста жүрген жас мамандар тұрақты жұмысқа орналасуна байланысты үнемделген қаржы, кадрларды қайта даярлауға-363,0 мың теңге жоспарланып, толық игерілді, бiлiктiлiгiн арттыруға-163,0 мың теңге және қоныс аударуға субсидия беруге жылдық жоспар-33,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржы толықтай игерілді.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша есепті кезеңде жоспарланған 175655,0 мың теңге қаржының игерілгені 175514,6 мың теңге немесе 99,9 пайыз.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын жай салу бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 5581,0 мың теңге және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту немесе сатып алуға 1400,0 мың теңге трансферт қаралды, жалпы сомасы 6981,0 мың теңге жоспарланған 6980,1 мың теңгесі игеріліп, 0,9 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу бағдарламасы бойынша К.Мырзалиев атындағы ЖББОМ ғимаратын күрделі жөндеу үшін Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 74978,0 мың теңге бөлініп, 74961,6 мың теңге игерілді , 16,4 мың теңге теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделді.
Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік бойынша 227600,0 мың теңге көлемінде жоспарланды, орындалуы 227585,2 мың теңге (99,99 пайыз). Cоның ішінде:
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша 114022,0 мың теңге жоспарланып 114022,0 мың теңгеге орындалды.(100,0 пайыз).
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бағдарламасы бойынша 791,0 мың теңге жоспарланып 791,0 мың теңгеге орындалды.(100,0 пайыз).
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу
бағдарламасы бойынша 19256,0 мың теңге жоспарланып 19256,0 мың теңгеге орындалды.(100,0 пайыз).
Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы бағдарламасы бойынша 1500,0 мың теңге жоспарланып 1500,0 мың теңгеге орындалды.(100,0 пайыз).
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі бағдарламасы бойынша 24998,0 мың теңге жоспарланып 24993,0 мың теңгеге орындалды (99,98пайыз).
Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi бағдарламасы бойынша 57563,0 мың теңге жоспарланып 57558,2 мың теңгеге орындалды.(99,99пайыз).
Ауыл шаруашылық, жер қатынастар тобы бойынша 68164,0 мың теңге жоспарланып, игерілгені 68114,0 мың теңге немесе 99,9 пайыз.
Ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдауға 8066,0 мың теңге жоспарланған, игерілгені 8024,6 мың теңге немесе 99,5 пайыз. Қаржылық қызметтен -41,4 мың теңге үнемделді.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге республикалық бюджеттен 50061,0 мың теңге бөлініп, жоспарланған 50061,0 мың теңге толық игерілді.
Сонымен қатар, республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 38947,0 мың теңге бюджеттік кредиттер бөлініп, есепті кезеңге жоспарланған 38947,0 мың теңгенің 38463,5 мың теңгесі игерілді немесе 98,8 пайыз.483,5 мың теңге қаржы аудан бойынша несие алуға өтініш білдірген мамандарға 1 тұрғын үй алуға жетпеуіне байланысты игерілмеді .
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша 9825,0 мың теңге жоспарланып 9822,9 мың теңгеге орындалды.(100,0 пайыз).
Басқа функционалдық тобы бойынша 35007,0 мың теңге жоспарланып 34433,2 мың теңгеге орындалды.(98,4 пайыз). Соның ішінде
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бағдарламасы бойынша 8550,0 мың теңге жоспарланып 8540,4 мың теңгеге орындалды.(99,89пайыз).
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бағдарламасы бойынша 11702,0 мың теңге жоспарланып 11698,3 мың теңгеге орындалды.(99,97пайыз).
«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлердiң экономикалық дамуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды iске асыруға үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 14755,0 мың теңге бөлініп, 14194,5 мың теңгесі игерілді, игерілмеген қалдық қаржы 560,5 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.
Ресми трансферттер тобы бойынша 10791,0 мың теңге жоспарланып, толық игерілді.
Жалпы өткен жылдың бюджеті осындай көрсеткіштермен сипатталып, орындалуы ұсынылып отыр.
Жоғарыдағыдай аталған жұмыстармен қатар, 2014 жылы алда тұрған міндеттер:
1.Жергілікті бюджетті жоспарлау және оның уақтылы әрі тиімді атқарылуын, бюджетті атқару мониторингі барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдарымен қарым-қатынасты, бюджеттік заңнаманы бюджетті атқару бөлігінде жетілдіруді қамтамасыз ету;
2.Жергілікті бюджеттер түсімдерін орындау және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді мақсатты әрі тиімді пайдалану мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;
3.Кредиторлық және дебиторлық берешектерді болдырмау бағытында жұмыстану;
4.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 279 «Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі коммуналдық меншік нысандарын, мемлекеттік акция пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттік қатысу үлесін басқару мәселелері» туралы қаулысын орындау мақсатында аудандық коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру. Аудан аумағындағы аудандық коммуналдық меншік нысандарын басқару жөнінде іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және орындау.
Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы |
М.Шалабаев |