2018 жылғы 23 ақпандағы                       №23-2_

                      

 Жымпиты ауылы                                           с.Жымпиты

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-2

«2018-2020 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5012 тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 3 775 363 мың теңге:

салықтық түсімдер – 360 404 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5 050 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 220 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 407 689 мың теңге;

2) шығындар – 3 773 487 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 112 087 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер – 112 087 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 12 500 мың теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 12 500 мың теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -122 711 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 122 711 мың теңге:

         қарыздар түсімі - 111 833 мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 0 теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 878 мың теңге.»;

         3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «3. 2018 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 605 208 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

1) республикалық бюджет трансферттер сомасы – 344 922 мың теңге:

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 314 мың теңге;

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 3 303 мың теңге;

үйде және жартылай стационар жағдайында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге – 3 626 мың теңге;

         мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 4 515 мың теңге;

         техникалық көмекшi құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 2 578 мың теңге;

         жалақыны ішінара субсидиялауға – 7 234 мың теңге;

         жастар практикасына – 12 987 мың теңге;

         халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 9 248 мың теңге;

         мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 20 510 мың теңге;

         Бұлдырты ауылының су құбырын салуға – 280 607 мың теңге;

         2) облыстық бюджет трансферттер сомасы – 148 199 мың теңге:

         жастар практикасына – 8 741 мың теңге;

         Жымпиты ауылының әкімшілік ғимараты мен гараж құрылысына – 15 000 мың теңге;

         жаңа оқу бағдарламаларының енуіне және жаңа оқулықтар шығуына байланысты оқулықтар сатып алуға – 8 085 мың теңге;

         жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 9 134 мың теңге;

         Тоғанас ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 3 600 мың теңге;

         Тасқұдық ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 3 900 мың теңге;

         Тоғанас ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 10 924 мың теңге;

         Өлеңті ауылының кіре беріс жолын орташа жөндеуге – 86 129 мың теңге;

         Қосарал ауылының су құбырын қайта құруға жұмыс жобасы бойынша кешенді мемлекеттік ведомостводан тыс сараптама өткізуге – 1 144 мың теңге;

         Жымпиты ауылында «Кенащы» жер асты су кен орнынан сумен қамту жүйесінің құрылысына жұмыс жобасы бойынша кешенді мемлекеттік ведомостводан тыс сараптама өткізуге – 1 542 мың теңге;

 

 

         3) бюджеттік кредиттер сомасы – 112 087 мың теңге:

         мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер – 112 087 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

                 Сессия төрағасы                             Т.Даргужиев

                  

                Мәслихат хатшысы                         Ш.Дуйсенгалиева

 

 

Жүктеу: 2018 жылға арналған аудандық бюджет