2017 жылғы 14 желтоқсандағы                                                       2017 жылғы 14 желтоқсандағы

№21-4                                                                                                           №366

                                               Жымпиты ауылы

 

 

Жымпиты ауылдық округіне

қарасты Өлеңті ауылының

кейбір қосарланған көшелеріне

жаңадан атау беру ұсынысы туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

 

Жымпиты ауылдық округіне қарасты Өлеңті ауылы халқының жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысы бойынша Өлеңті ауылының кейбір қосарланған құрамдас бөліктеріне (көшелер) жаңадан атау беру үшін бірлескен аудандық мәслихат шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

                                                                                                                               

Сессия төрағасы                                     Аудан әкімі

 

                                      А.Дуйсенгалиев                                      Т.Төреғалиев

 

 

Маслихат хатшысы

                                      Ш.Дуйсенгалиева