2017 жылғы 14 желтоқсандағы 2017 жылғы 14 желтоқсандағы
№21-3 №365
Жымпиты ауылы
Жымпиты ауылдық округіне
қарасты Бірінші Май
елді мекеніне жаңадан
атау беру ұсынысы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші май ауылы халқының жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысы бойынша Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші Май елді мекеніне жаңадан атау беру үшін бірлескен аудандық мәслихат шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Сессия төрағасы Аудан әкімі
А.Дуйсенгалиев Т.Төреғалиев
Маслихат хатшысы
Ш.Дуйсенгалиева