2017 жылғы 20 желтоқсандағы                          №21-2

                      

 Жымпиты ауылы                                                     с.Жымпиты

 

 

2018-2020 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» , Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңдарына, Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4984 тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 775 363 мың теңге:

 

салықтық түсімдер – 360 404 мың теңге;

 

салықтық емес түсімдер – 5 050 мың теңге;

 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 220 мың теңге;

 

трансферттер түсімі – 3 407 689 мың теңге;

 

2) шығындар – 3 762 863 мың теңге;

 

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 111 833 мың теңге:

 

         бюджеттік кредиттер – 111 833 мың теңге;

 

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

 

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 12 500 мың теңге:

 

         қаржы активтерін сатып алу – 12 500 мың теңге;

 

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

 

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -111833 мың теңге;

 

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 111 833 мың теңге;

 

         қарыздар түсімі - 111 833 мың теңге;

 

         қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

 

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

 

  1. 2018 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4984 тіркелген) және осы шешімнің 4 тармағына сәйкес қалыптастырылды.
  2. 2018 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 604 324 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

1) республикалық бюджет трансферттер сомасы – 344 922 мың теңге:

 

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 314 мың теңге;

 

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 3 303 мың теңге;

 

үйде және жартылай стационар жағдайында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге – 3 626 мың теңге;

 

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 4 515 мың теңге;

 

техникалық көмекшi құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 2 578 мың теңге;

 

жалақыны ішінара субсидиялауға – 7 234 мың теңге;

 

жастар практикасына – 12 987 мың теңге;

 

халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 9 248 мың теңге;

 

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 20 510 мың теңге;

 

Бұлдырты ауылының су құбырын салуға – 280 607 мың теңге;

 

2) облыстық бюджет трансферттер сомасы – 148 199 мың теңге:

 

жастар практикасына – 8 741 мың теңге;

 

Жымпиты ауылының әкімшілік ғимараты мен гараж құрылысына – 15 000 мың теңге;

 

жаңа оқу бағдарламаларының енуіне және жаңа оқулықтар шығуына байланысты оқулықтар сатып алуға – 8 085 мың теңге;

 

жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 9 134 мың теңге;

 

Тоғанас ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 3 600 мың теңге;

 

Тасқұдық ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 3 900 мың теңге;

 

Тоғанас ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 10 924 мың теңге;

 

Өлеңті ауылының кіре беріс жолын орташа жөндеуге – 86 129 мың теңге;

 

Қосарал ауылының су құбырын қайта құруға жұмыс жобасы бойынша кешенді мемлекеттік ведомостводан тыс сараптама өткізуге – 1 144 мың теңге;

 

Жымпиты ауылында «Кенащы» жер асты су кен орнынан сумен қамту жүйесінің құрылысына жұмыс жобасы бойынша кешенді мемлекеттік ведомостводан тыс сараптама өткізуге – 1 542 мың теңге;

 

3) бюджеттік кредиттер сомасы – 111 833 мың теңге:

 

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер – 111 833 мың теңге.

 

4.Жергілікті бюджеттердің теңгерімдігін қамтамасыз ету үшін 2018 жылдың кірістер бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

 

1) жеке табыс салығы – 100 %;

 

2) әлеуметтік салық – 100 %.

 

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. 6. 2018 жылға арналған аудандық жергілікті атқарушы органдарының резерві 8 024 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  3. Аудандық жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2018 жылдың 31 желтоқсанына 30 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
  4. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің мөлшерлемелерімен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25 пайызға көтеру белгіленсін.
  5. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына көтерме ақы және түрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік көмек көзделсін.
  6. 2018 жылға арналған аудан бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалар тізбесі 4 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  7. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 12. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                 Сессия төрағасы                             А.Дуйсенгалиев

                  

                Мәслихат хатшысы                         Ш.Дуйсенгалиева

 

 

Жүктеу: 2018 жылға арналған аудандық бюджет