2017 жылғы 14 желтоқсандағы №21-1
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-2
«2017-2019 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4649 тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 381 661 мың теңге:
салықтық түсімдер – 427 542 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 650 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 244 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 938 225 мың теңге;
2) шығындар – 4 429 111 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 292 840 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 309 037 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 16 197 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 340 290 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 340 290 мың теңге;
қарыздар түсімі – 309 037 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 16 197 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 47 450 мың теңге.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 2017 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 493 656 мың теңге көлемінде қарастырылсын:
1) республикалық бюджет трансферттер сомасы – 258 328 мың теңге:
оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 5 819 мың теңге;
үйде және жартылай стационар жағдайында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге – 2 822 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 4 139 мың теңге;
техникалық көмекшi құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 746 мың теңге;
«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге – 11 012 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға – 4 223 мың теңге;
жастар практикасына – 11 572 мың теңге;
Аралтөбе ауылының су құбырын қайта құруға – 217 995 мың теңге.
2) облыстық бюджет трансферттер сомасы – 926 291 мың теңге:
үштілді білім беруді дамыту Жол картасын іске асыру мақсатында тілдік курстарда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға – 21 816 мың теңге;
мектепке дейін ұйымдарға жаңа оқу бағдарламаларының енуіне және 1, 2, 5, 7 сыныптарға жаңа оқулықтар шығуына байланысты оқулықтар сатып алуға – 67 297 мың теңге;
Жымпиты ауылының Мұхит және Қажымұқан көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге – 20 744 мың теңге;
Жымпиты ауылының «Кенащы» жер асты су кен орнынан сумен қамту жүйесінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізуге – 20 108 мың теңге;
Шолақаңқаты өзенінің су жіберу құрылғысын қайта құруға – 82 284 мың теңге;
кәсіптік оқытуға жіберілгендердің оқуын аяқтауға – 1 889 мың теңге;
мобильді орталықтардағы оқуды қосқандағы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 18 826 мың теңге;
Қосарал ауылының Сырым мектеп-балабақша кешенін күрделі жөндеуге – 157 273 мың теңге;
Тоғанас ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 887 мың теңге;
Аңқаты ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 2 042 мың теңге;
Құспанкөл ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 2 537 мың теңге;
Қарағанды ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 417 мың теңге;
Сасықкөл ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 418 мың теңге;
Жаңаөңір ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 2 061 мың теңге;
Жымпиты ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға – 1 612 мың теңге;
Жымпиты ауылының Асадуллин көшесінің автомобиль жолының құрылысына – 94 865 мың теңге;
Жымпиты ауылының Қолғанатов көшесінің автомобиль жолының құрылысына – 59 104 мың теңге;
Бұлдырты ауылының Датов көшесі бойындағы бір пәтерлі 10 тұрғын үйлердің құрылысына - 56 144 мың теңге;
жалпы орта білім беру мектептерінің оқу үрдісіне «Робототехника» элективті курсын енгізу және робототехника жиынтығына қосымша элементтер алу – 6 840 мың теңге;
оқушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге – 1 593 мың теңге;
«Е-Халық» жүйесін енгізуге – 940 мың теңге;
музей ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және экспозисиясын жаңартуға – 22 919 мың теңге;
Жымпиты ауылының Асадуллин және Исаев көшелері бойындағы бір пәтерлі 14 тұрғын үйлердің құрылысына – 135 277 мың теңге;
Аралтөбе ауылының су құбырын қайта құруға – 54 499 мың теңге;
Тоғанас ауылына кірме жолды орташа жөндеуге мемлекеттік сараптамасымен жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 7 280 мың теңге;
Алғабас ауылына кірме жолды орташа жөндеуге мемлекеттік сараптамасымен жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға – 3 360 мың теңге;
Жымпиты ауылының Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 8 260 мың теңге;
Қосарал ауылының Сырым мектеп-балабақша кешенінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 8 312 мың теңге;
Қосарал ауылының Сырым мектеп-балабақша кешеніне қажетті негізгі құралдарды сатып алуға – 15 049 мың теңге;
Тоғанас ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыру құрылысына – 23 955 мың теңге;
Жымпиты ауылының әкімшілік ғимараты мен гараж құрылысына – 24 683 мың теңге.
3) бюджеттік кредиттер сомасы – 309 037 мың теңге:
Қоңыр ауылының су құбырын қайта құруға берілетін кредиттер – 189 914 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер – 119 123 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Дуйсенгалиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева