2017 жылғы 28 қарашадағы №20-9
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым аудандық мәслихатының
2016 жылғы 8 шілдедегі №4-6
«Сырым аудандық мәслихатының
регламентін бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №566 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлығына сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-6 «Сырым аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептеулермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинақтау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып, бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихат бекітеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекітеді.».
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Д.Тайшиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева