2017 жылғы 28 қарашадағы №20-5
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі
жанындағы терроризмге қарсы комиссияның
дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы №341 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» №14-4 шешіміне (06.03.2014ж. №17-3; 18.04.2014ж.№18-4; 05.08.2014ж. №21-6; 05.03.2015ж. №26-6; 22.09.2015ж. №30-2; 17.02.2016ж. №35-4, 12.08.2016ж. №6-5, 17.08.2017ж. №18-6 шешімдерін қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) комиссия құрамына Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Кужахметов Бақтығали Серғалиұлы (келісім бойынша) енгізіліп, сәйкесінше Закин Нұрлан Тарғынұлы шығарылсын;
2) комиссия құрамына Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Шукатова Асем Мағалымқызы енгізіліп, сәйкесінше Исанов Ерболат Рысқалиұлы шығарылсын;
3) комиссия құрамына Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Исанов Ерболат Рысқалиұлы енгізіліп, сәйкесінше Дуйсенгалиев Жандос Асхатұлы шығарылсын;
4) комиссия құрамына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Қабекешева Бибігүл Балораққызы енгізіліп, сәйкесінше Баяндыков Арман Толқынұлы шығарылсын;
5) комиссия құрамына Жымпиты ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қыдыралин Сәлімжан Бекниязұлы енгізіліп, сәйкесінше Тулепов Қайрат Нұржанұлы шығарылсын.
Сессия төрағасы Д.Тайшиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева