2017 жылғы 28 қарашадағы №20-4
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
5 наурыздағы №26-7 «Аудан әкімдігі
жанындағы консультациялық-кеңесші
орган құқық бұзушылық профилактикасы
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
дербес құрамы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы №306 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» №26-7 шешіміне (22.09.2015ж. №30-3, 17.02.2016ж. №35-3, 05.03.2016ж. №3-3, 12.08.2016ж. №6-4, 27.04.2017ж. №13-3, 17.08.2017ж. №18-5 шешімдерді қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер енгізілсін :
1) комиссия төрағасының орынбасары болып Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қожахметов Бақтығали Серғалиұлы (келісім бойынша) енгізіліп, сәйкесінше Закин Нұрлан Тарғынұлы шығарылсын;
2) комиссия құрамына Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Құспанов Ержан Көпжанұлы енгізіліп, сәйкесінше Баяндыков Арман Толқынұлы шығарылсын;
3) комиссия құрамына Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шукатова Асем Мағалымқызы енгізіліп, сәйкесінше Исанов Ерболат Рысқалиұлы шығарылсын.
Сессия төрағасы Д.Тайшиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева