2017 жылғы 28 қарашадағы №20-2
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
- Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Д.Тайшиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева
Жүктеу: Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары