2017 жылғы 9 қазандағы №19-3
Жымпиты ауылы с.Жымпиты
Сырым ауданы бойынша
2017-2018 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
іс-шара жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі іс-жоспары бекітілсін.
- Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Д.Тайшиев
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева
Сырым аудандық мәслихатының
2017 жылғы 9 қазандағы
№ 19-3 шешіміне қосымша