Жымпиты ауылы № 33-1 24 желтоқсан 2015 ж
Сырым аудандық мәслихатының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2
«2015-2017 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3767 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 3 370 251 мың теңге:
салықтық түсімдер - 292053 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –3 447 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -4 371 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 070380 мың теңге;
2) шығындар - 3 374 110мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 34 343 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 44 595 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 252 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 23 105 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 23 105 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -61 307 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 61 307 мың теңге;
қарыздар түсімі - 44 595 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 736 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 27 448 мың теңге.».
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 055867 мың теңге көлемінде қарастырылсын:
1) республикалық бюджет трансферттер сомасы - 744727 мың теңге:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, оның ішінде еңбекақы жүйесінің жаңа моделінің деңгейіне сәйкес еңбекақы мөлшерін жеткізуге - 20 116 мың теңге;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға -27 604 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 306 мың теңге;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 1 485 мың теңге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 265 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге - 2 336 мың теңге;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге - 10 172 мың теңге;
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге – 116 481 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға тұрғын үй салуға - 64 404 мың теңге;
Жымпиты ауылының су құбырын қайта жаңартуға - 479 434 мың теңге;
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің штат санын ұстауға - 1 170 мың теңге;
агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органының бөлімшесін ұстауға - 3 113 мың теңге;
мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға- 17 841 мың теңге.
2) облыстық бюджет трансферттер сомасы – 266 545 мың теңге:
оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге - 5 747 мың теңге;
Жетікөл ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 2 731 мың теңге;
Қосарал ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 11 211 мың теңге;
Қособа ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 8 935 мың теңге;
Жырақұдық ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 8 413 мың теңге;
Шағырлой және 1 Май ауылдарының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 10 301 мың теңге;
табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін техника сатып алуға - 21 624 мың теңге;
Талдыбұлақ ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға - 12 191 мың теңге;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге - 12 018 мың теңге;
жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдауға - 671 мың теңге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 113 мың теңге;
Жымпиты ауылының автожолдарын орташа жөндеуге - 102 877 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 35 000 мың теңге;
Жымпиты ауылының су құбырын қайта құруға–19 452 мың теңге.
балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге - 15 261 мың теңге.
3) бюджеттік кредиттер сомасы - 44 595 мың теңге:
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер - 44 595 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Х.Мусағалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов