Сырым аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 12-4 шешіміне қосымша

 

БЕКІТІЛДІ:

Аудандық мәслихат хатшысы

  __________ Ш.Дуйсенгалиева

29 желтоқсан 2021 жыл

 

Сырым аудандық мәслихатының және мәслихат аппаратының 2022 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

р/с

Атқаратын жұмыстар

Орындалу мерзімі

Жауапты комиссия төрағалары мен қызметкер, тиісті мекеме басшысы

1

2

3

4

1.Сессияда қаралатын мәселелер:

1

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы

І тоқсан

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

2

Аудандық мәслихат хатшысының жылдық есебі

І тоқсан

Аудандық мәслихат хатшысы

3

Ауданда «Ауыл ел бесігі»  бағдарламасының орындалуы туралы

ІІ тоқсан

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

4

2021 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы

ІІ тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

5

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі

ІІІ тоқсан

Аудан әкімі

6

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

ІV тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

7

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстары туралы

ІV тоқсан

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы

2. Ұйымдастыру жұмыстары

1

Сырым ауданы мәслихаты аппаратының 2022 жылға арналған бюджеттік төлқұжаттарын дайындау, әр айға арналған қаржыландырудың  жеке  жоспарын мәслихат хатшысына бекітуге ұсыну

10 қаңтар

Э.Бакияева

2

Депутаттардың сайлауалды бағдарламаларын  жинақтап, оларға талдау жасау. Тиісті орындарға депутаттық сауалдар жіберу үлгілерін дайындау, мәслихат хатшысының қатеріне ұсыну.

ақпан

Жанклишев Д.

 

3

Депутаттық сайлауалды бағдарламаларына сәйкес әр сала бойынша талдау жасау, орыңдалуын бақылауға алу.

наурыз

Орашева А.

Жанклишев Д.

Кадирова Г.

4

Аудандық мәслихаттың өткізілген сессиялары хаттамаларын уақытылы жасақтау.

кезінде

Кадирова Г.

5

Қабылданған шешімдер көшірмелерін тиісті органдар мен орындаушыларға жолдау, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау

кезінде

Орашева А

6

Аудандық мәслихаттың сессияларында қабылданған Әділет басқармасында тіркеуге жататын шешімдерін уақытылы тіркеуден өткізіп, тіркелгеннен кейін аудандық газетке жариялануын қамтамасыз етіп, үш күн мерзім ішінде аудандық прокуратураға, басқа да тиісті органдарға жолдау.

кезінде

Орашева А.

7

Аудандық мәслихат қабылдаған шешімдеріне ай сайын мониторинг жасап, заңдылығын бақылау

Ай сайын, үнемі

Орашева А

8

Кезекті сессияларды өткізу жоспарын дайындау. (сессияға мәселе дайындау үшін уақытша комиссия құру, құжаттарды дайындау, қаралатын мәселе бойынша жадынама жасақтау, сессияға анықтама дайындауларына жәрдемдесу).

кезінде

Орашева А.

Жанклишев Д.

Кадирова Г.

9

«Аудандық мәслихат депутаттарының ауылдық округтерде «Депутат күнін» өткізу

Жарты

жылда

1 рет

Макашев Е.

10

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыру.

кезінде

Кадирова Г

11

Депутаттардың сайлаушылар алдында кесте бойынша есеп беру кездесулерін ұйымдастыру.

кезінде

Мәслихат аппараты

12

Аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастыру

кезінде

Жанклишев Д

13

Аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын толықтыру жұмыстары

қажеттілігіне қарай

Орашева А

Кадирова Г

3. Тұрақты комиссиялармен атқарылатын жұмыстар.

1

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарларының  жобаларын дайындап, комиссияның бекітуіне ұсыну.

қаңтар

Макашев Е.

2

Тұрақты комиссия отырыстарының өткізу уақыттарын комиссия төрағаларымен келісіп, құжаттарын дайындауға көмектесу, өткізілген отырыстар хаттамаларын жүргізу.

үнемі

Жанклишев Д.

3

Жоспардың орыңдалуына бақылау жасау.

үнемі

Жанклишев Д.

4

Тұрақты комиссиялар отырыстарының қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

үнемі

Жанклишев Д.

5

Аудандық мәслихаттың сессияларында қабылданған бағдарламалардың жергілікті жерде жүзеге асуына талдау жасау.

кезінде

Комиссия төрағалары мен жауапты бас маман

6

Бұқаралық ақпарат құралдарына сайлауалды бағдарламаларының орындалуы барысы жөнінде  хабарлап отыру, туындаған өзекті мәселелерді тұрақты комиссиялар отырысында қарап олардың тиісті жауабын жергілікті атқарушы органдардан талап ету.

үнемі

Комиссия төрағалары мен жауапты бас маман

7

Аудандық сессиялардың шешімдерінің, аудандық тұрақты комиссия отырыстарында қабылдаған қаулылардың орындалуы туралы хабарламалар жасау

Үнемі, жыл ішінде

Тиісті мекеме басшылары

Тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер:

Аудандық мәслихат сессияларының күн тәртібіне енгізілетін мәселелер

(Жыл ішінде, қажеттілігіне қарай, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары)

Сырым аудандық мәслихатының  әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы

1

Сырым ауданының эпидемиологиялық жағдайы туралы

І тоқсан

Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

2

Аудандық білім беру бөлімімен мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру туралы

ІІ тоқсан

/мамыр айы/

Аудандық білім беру бөлімі.

3

Қазақстан Республикасының инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

ІІІ тоқсан

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

4

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

ІV тоқсан

Аудандық білім беру бөлімі.

Сырым аудандық мәслихатының экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы

1

Ауданда құрылыс саласының дамуы туралы.

І

тоқсан

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

2

Аудан бюджетінің орындалуы туралы.

ІІ

тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

3

Мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары

ІІ

тоқсан /маусым айы/

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

4

Аудандағы тұрмыстық қалдықтар полигондарының жәй күйі туралы.

ІІІ

тоқсан

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

5

Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

ІV тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

6

Ауданның 2023 – 2025 жылдарға арналған жылдық бюджетінің бекітілуі туралы мәселені аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындау.

ІV тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

 

Сырым аудандық мәслихатының ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы.

1

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы

І

тоқсан

Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі.

2

Сырым ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді, халықты мал азығымен қамтуды ұйымдастыру жұмыстары туралы

ІІ тоқсан

/маусым айы/

Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі.

3

Ауданда ҚР «Ветеринария туралы» Заңының орындалуы туралы

ІІІ тоқсан

Аудандық ветеринария станциясы

4

Сырым ауданында шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары туралы

ІV тоқсан

Аудандық кәсіпкерлер палатасы

4. Сырым аудандық мәслихатының депутаттарымен жүргізілетін жұмыстар.

1

Ауыл әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарына қатысу (арнайы кесте бойынша)

қаңтар-ақпан

депутаттар

2

Депутаттардың сайлаушылармен кездесу кестелерін жинақтап, кездесу өтетін орындармен байланыс жасау, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету

әр тоқсан сайын

Жанклишев Д.

3

Аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстар жүргізу (комиссия отырыстарын, семинар, оқу кеңестер өткізу)

үнемі

Орашева А

4

«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы мен жасақтаған кесте бойынша «Депутат күні» қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру

кесте бойынша

Депутаттар

Жанклишев Д.

5

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-1 бабына сәйкес мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемелекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқару органдарының лауазымды тұлғаларына ресми түрде жазбаша сауалдарын жолдауға көмектесу

қажетіне қарай

Мәслихат аппараты

5. Депутаттарды құқықтық оқыту

Депутаттардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша құқықтық оқулар, білікті мамандардың қатысуымен семинар-жиналыстар өткізу

1

Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі бойынша түсіндіру (Оқу өткізу)

І тоқсан

Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы

2

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңын түсіндіру туралы

І тоқсан

Аудандық ветеринария станциясы бөлімінің басшысы

2

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын түсіндіру (Оқу өткізу)

ІІ тоқсан

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

3

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы түсіндіру

Оқу өткізу)

ІІІ тоқсан

Аудандық сәлет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

4

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің кейбір талаптары туралы

ІV тоқсан

Орашева А

 

6. Сырым ауданы әкімдігі мен аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе атқаратын жұмыстар

1

Сырым ауданы сайлау округтері сайлау комиссиясы құрамдарына сайлау өткізуге дайындық жұмыстары.

қажетіне қарай

Орашева А.

Кадирова Г

2

Депутаттар сайлауалды бағдарламаларына және сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлерге сәйкесті тиісті орындарға жіберілген сауалнамалардың орындалуы барысына талдау жүргізу.

мамыр-қазан

 

Жанклишев Д.

Кадирова Г. Орашева А.

3

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары.

қажетіне қарай

Макашев Е.

Кадирова Г

7. Кадрлармен жүргізілетін жұмыстар.

1

Аудандық мәслихат аппаратында келісім шарт бойынша жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің келісім шарттарын қарап, Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкестендіру.

қаңтар

Орашева А.

2

Аппарат қызметкерлерінің білімін жетілдіру кестелерін дайындап бекіту және тиісті орындарға сұраныс жолдау, келісім шарттарын дайындау, уақтылы қаражат аудару

қаңтар

Бакияева Э.

Кадирова Г.

3

Аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын жинақтап, толықтырулар енгізіп отыру.

үнемі

Кадирова Г.

4

Аппараттың мемлекеттік қызметкерлерінің қызметін бағалау жұмыстары

Тоқсан сайын

Кадирова Г

5

Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің 2021 жылдың салық декларациясын тапсыру.

ақпан

Бакияева Э.

Кадирова Г.

6

Тоқсан және жартыжылдық сайын тапсырылатын кадрлар есептерін тапсыру

уақтылы

Кадирова Г.

 

 

Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы                                Е.Макашев