Сырым аудандық мәслихатының

2020 жылғы 20 желтоқсандағы  

№ 63-4 шешіміне қосымша

 

БЕКІТІЛДІ:

Аудандық мәслихат хатшысы

  __________ Ш.Дуйсенгалиева

21 желтоқсан  2020 жыл

 

Сырым аудандық мәслихатының және мәслихат аппаратының

2021 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

р/с

Атқаратын жұмыстар

Орындалу мерзімі

Жауапты комиссия төрағалары мен қызметкер, тиісті мекеме басшысы

 

1

2

3

4

 

1.Сессияда қаралатын мәселелер:

1

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы

І тоқсан

Аудандық аурухана басшысы

2

Аудандық мәслихат хатшысының жылдық есебі

І тоқсан

Аудандық мәслихат хатшысы

3

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер қатынастары жұмыстарының ауданда орындалуы туралы

ІІ тоқсан

Аудандық жер қатынастары  бөлімінің басшысы

4

2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы

ІІ тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

5

Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

ІІІ тоқсан

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

6

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы

ІІІ тоқсан

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

7

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі

ІІІ тоқсан

Аудан әкімі

8

2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

ІҮ тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

9

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  аудан бойынша орындалуы  туралы аудандық білім беру бөлімінің есебі

ІҮ тоқсан

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы

2. Ұйымдастыру жұмыстары

1

Сырым ауданы мәслихаты аппаратының 2021 жылға арналған бюджеттік төлқұжаттарын дайындау, әр айға арналған қаржыландырудың  жеке  жоспарын мәслихат хатшысына бекітуге ұсыну

10 қаңтар

Э.Бакияева

2

Депутаттардың  сайлауалды бағдарламаларын  жинақтап, оларға талдау жасау. Тиісті орындарға депутаттық сауалдар жіберу үлгілерін дайындау, мәслихат хатшысының қатеріне ұсыну.

ақпан

Ахметов М.

 

3

Депутаттық сайлауалды бағдарламаларына сәйкес әр сала бойынша талдау жасау, орыңдалуын бақылауға  алу.

наурыз

Орашева А.

Ахметов М.

Кадирова Г.

4

Аудандық мәслихаттың өткізілген сессиялары хаттамаларын  уақытылы жасақтау.

кезінде

Кадирова Г.

5

Қабылданған шешімдер көшірмелерін тиісті органдар мен орындаушыларға жолдау, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау

кезінде

Орашева А

6

Аудандық мәслихаттың  сессияларында қабылданған Әділет басқармасында тіркеуге жататын шешімдерін уақытылы тіркеуден өткізіп, тіркелгеннен кейін аудандық газетке жариялануын қамтамасыз етіп, үш күн мерзім ішінде аудандық прокуратураға, басқа да тиісті органдарға жолдау.

кезінде

Орашева А.

7

Аудандық мәслихат қабылдаған шешімдеріне ай сайын мониторинг жасап, заңдылығын бақылау

Ай сайын, үнемі

Орашева А

8

Кезекті сессияларды өткізу жоспарын дайындау. (сессияға мәселе дайындау үшін уақытша комиссия құру, құжаттарды дайындау, қаралатын мәселе бойынша жадынама жасақтау, сессияға анықтама дайындауларына жәрдемдесу).

кезінде

Орашева А.

Ахметов М.

Кадирова Г.

9

«Аудандық мәслихат депутаттарының ауылдық округтерде «Депутат күнін» өткізу

Жарты

жылда

1 рет

Батырниязов Ж.

10

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыру.

кезінде

Кадирова Г

11

Депутаттардың сайлаушылар алдында кесте бойынша есеп беру кездесулерін ұйымдастыру.

кезінде

Мәслихат аппараты

12

Аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастыру

кезінде

Ахметов М

13

Аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын толықтыру жұмыстары

қажеттілігіне қарай

Орашева А

Кадирова Г

3. Тұрақты комиссиялармен атқарылатын жұмыстар.

1

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарларының  жобаларын дайындап, комиссияның бекітуіне ұсыну.

қаңтар

Батырниязов Ж.

2

Тұрақты комиссия отырыстарының өткізу уақыттарын комиссия төрағаларымен келісіп, құжаттарын дайындауға көмектесу, өткізілген отырыстар хаттамаларын жүргізу.

үнемі

Ахметов М.

3

Жоспардың орыңдалуына бақылау жасау.

үнемі

Ахметов М.

4

Тұрақты комиссиялар отырыстарының қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

үнемі

Ахметов М.

5

Аудандық мәслихаттың сессияларында қабылданған бағдарламалардың жергілікті жерде жүзеге асуына талдау жасау.

кезінде

Комиссия төрағалары мен жауапты бас маман

6

Бұқаралық ақпарат құралдарына сайлауалды бағдарламаларының орындалуы барысы жөнінде  хабарлап отыру, туындаған өзекті мәселелерді тұрақты комиссиялар отырысында қарап олардың тиісті жауабын жергілікті атқарушы органдардан талап ету.

үнемі

Комиссия төрағалары мен жауапты бас маман

7

Аудандық сессиялардың шешімдерінің, аудандық тұрақты комиссия отырыстарында қабылдаған қаулылардың орындалуы туралы хабарламалар жасау

Үнемі, жыл ішінде

Тиісті мекеме басшылары

Тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер:

Аудандық мәслихат сессияларының күн тәртібіне енгізілетін мәселелер

(Жыл ішінде, қажеттілігіне қарай, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары)

Сырым аудандық  мәслихатының  әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы

1

Аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы жұмысы туралы.

І

 тоқсан

Аудандық білім беру бөлімі.

2

Халықты  әлеуметтік қорғау бойынша аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі.

ІІ тоқсан

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

3

Ауданда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру жөнінде жұмысы туралы.

ІІІ тоқсан

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

4

Ауданда полиция учаскелік инспекторларының аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстары туралы.

ІV  тоқсан

Аудандық полиция бөлімі.

5

Аудан аумағында өрт қауіпсіздік Ережесін сақтау бойынша атқарылған іс-шаралар туралы.

Жыл ішінде

Аудандық өрт сөндіру бөлімі

Сырым аудандық  мәслихатының экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы

1

Аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің барысы туралы.

І

тоқсан

БҚО өңдірістік филиалы «КазТрансАймақ» АҚ Сырым газ шаруашылығы.

2

Аудандағы әлеуметтік маңызы  бар нысандардың қысқы маусымға дайындық  жұмыстарының барысы туралы.

ІІ

тоқсан

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

3

Аудан  бюджетінің орындалуы туралы.

ІІІ

тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

4

2021-2025 жылдарға арналған Сырым ауданының аумағын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы.

ІІІ

тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

5

Аудан көлеміндегі жол қозғалысы ережелерінің сақталуы және жол белгілерінің жай-күйі туралы.

ІҮ

тоқсан

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

6

Ауданның 2021 – 2023 жылдарға арналған жылдық бюджетінің  бекітілуі туралы   /мәселені аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындау/.

ІV   тоқсан

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

Сырым аудандық  мәслихатының  ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы.

1

Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру, жер қорына түгендеу жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы.

І

тоқсан

Аудандық жер қатынастары бөлімі.

2

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысындағы  аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің есебі.

ІІІ

тоқсан

Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі.

3

Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың  жүзеге асырылуы туралы.

ІІІ тоқсан

Аумақтық инспекция.

4

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы

ІV   тоқсан

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

4. Сырым аудандық мәслихатының депутаттарымен  жүргізілетін жұмыстар.

1

Ауыл әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру жиналыстарына қатысу  (арнайы кесте бойынша)

қаңтар-ақпан

депутаттар

2

Депутаттардың сайлаушылармен кездесу кестелерін жинақтап, кездесу өтетін орындармен байланыс жасау, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету

әр тоқсан сайын

Ахметов М.

3

Аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстар жүргізу (комиссия отырыстарын, семинар, оқу кеңестер өткізу)

үнемі

Орашева А

4

«Нұр Отан» партиясы  Сырым аудандық филиалы мен жасақтаған кесте бойынша «Депутат күні» қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру

кесте бойынша

Депутаттар

Ахметов М.

5

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-1 бабына сәйкес мәслихат депутаты мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға және орталық мемелекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқару органдарының лауазымды тұлғаларына ресми түрде жазбаша сауалдарын жолдауға көмектесу

қажетіне қарай

Мәслихат аппараты

5. Депутаттарды құқықтық оқыту

Депутаттардың құқықтық білім деңгейлерін көтеру мақсатында жүйелі түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша құқықтық оқулар, білікті мамандардың қатысуымен семинар-жиналыстар өткізу

1

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23.01.2001 ж ҚР Заңы 

(Оқу өткізу)

І тоқсан

Орашева А.

2

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007ж  ҚР Заңы 

(Оқу өткізу)

ІІ тоқсан

Орашева А.

3

Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру

Оқу өткізу)

ІІІ тоқсан

Орашева А.,

Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы

4

«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 24.02.2014 ж №138 қаулы

(Оқу өткізу)

ІҮ тоқсан

Орашева А.,

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

6. Сырым ауданы әкімдігі мен аудандық сайлау комиссиясымен бірлесе атқаратын жұмыстар

1

Сырым ауданы сайлау округтері сайлау комиссиясы құрамдарына сайлау өткізуге дайындық жұмыстары.

қажетіне қарай

Орашева А.

Кадирова Г

2

Депутаттар сайлауалды бағдарламаларына және сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлерге сәйкесті тиісті орындарға жіберілген сауалнамалардың орындалуы барысына талдау жүргізу.

мамыр-қазан

 

Ахметов М.

Кадирова Г. Орашева А.

3

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары.

қажетіне қарай

Батырниязов Ж.

Кадирова Г

7. Кадрлармен жүргізілетін жұмыстар.

1

Аудандық мәслихат аппаратында келісім шарт бойынша жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің келісім шарттарын қарап, Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкестендіру.

қаңтар

Орашева А.

2

Аппарат қызметкерлерінің білімін жетілдіру кестелерін дайындап бекіту және тиісті орындарға сұраныс жолдау, келісім шарттарын дайындау, уақтылы қаражат аудару

қаңтар

Бакияева Э.

Кадирова Г.

3

Аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын жинақтап, толықтырулар енгізіп отыру.

үнемі

Кадирова Г.

4

Аппараттың мемлекеттік қызметкерлерінің қызметін бағалау жұмыстары

Тоқсан сайын

Кадирова Г

5

Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің 2020 жылдың салық декларациясын тапсыру.

ақпан

Бакияева Э.

Кадирова Г.

6

Тоқсан және жартыжылдық сайын тапсырылатын кадрлар есептерін тапсыру

уақтылы

Кадирова Г.

 

 Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы                                Ж.Батырниязов