Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған аудан әкімі Т.Турегалиев, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде: Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №12-2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мқлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Сырым ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы мәселелер қаралды. Хабарламашылар тыңдалып,  шешімдер қабылданды. Аудандық мәслихат депутаты Т.Даргужиев аудандық қаржыны игеруде заң бұзушылықты болдырмай, бөлінген қаржыны тиімді, уақытылы игеру керектігін және алдағы жаңа 2023 жылға қаржыны нақты, мақсатты, сапалы жоспарлау қажеттілігін айтты.